Название организации
Call-center
8(7172)74-23-83
Тапсырыс беру

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының
«Қараөткел» РМК сайтына қош келдіңіздер!

 «Қараөткел» РМК «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Қараөткел» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы № 793 қаулысына сәйкес құрылды.  

Қойылған мақсатты іске асыру үшін Кәсіпорын мына қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  1) Іс Басқармасының коммуналдық және тұрғын үй инфрақұрылым объектілеріне қызмет көрсетуді, қайта жаңартуды және жөндеуді жүзеге асыру;


  2) Кәсіпорын теңгеріміндегі мүліктің пайдаланылуын қамтамасыз ету;


  3) Қызметін қамтамасыз ету Іс Басқармасына жүктелген лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдарға қызмет көрсету;


  4) Іс-шаралар мен делегацияларға қызмет көрсету;


  5) Семинарларды, конференцияларды, ассамблеяларды, таныстыру рәсімдерін, көрмелерді және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу;


  6) Қонақ үй қызметін көрсетуді, қоғамдық тамақтандыру орындарын, тұрмыстық қызмет көрсетуді және жеке сектормен қамтылған немесе жеткіліксіз қамтылған қоғамдық тамақтандыру салаларында бірінші қажеттілігі бар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өндіруді ұйымдастыру;