Название организации
Call-center
8(7172)74-23-83
Тапсырыс беру
13.01.2018

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Қараөткел» РМК қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары

2018 жылғы 13 қаңтарда Министрліктер үйіндегі № 4 асханада ҚР ПІБ «Қараөткел» РМК басшылығымен қатысумен әкімшілік-басқару персоналы, өндірістік-техникалық бөлім қызметкерлері, құрылымдық бөлімше басшылары мен асханалардың әкімшілері үшін түсіндіру жұмыстары бойынша жиналыс өткізілді.

Жиналыста мына тақырыптар талқыланды:

  • «Этика және іскери қатынастың этикеті»;
  • «Қараөткел» РМК жұмылдыру дайындығы бөлігінде Кәсіпорынның қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер»;
  • «Таралымы шектеулі ақпаратпен жұмыс жасау тәртібі»;
  • «Персоналды дамыту».

Бірінші тақырып бойынша ұйымдастыру-бақылау, кадр және заң жұмысы бөлімінің бастығы Д.Ә. Мастекбаев сөз сөйледі, оның баяндамасы «іскери қатынас этикасының мәні» және «Іскери қатынастың мазмұны» атты екі бөліктен тұрды.

Екінші тақырып бойынша мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру дайындығы қызметінің бас маманы Е.С. Кадыров баяндады. Баяндаманың негізгі мақсаты әкімшілік-басқару персоналдарына және объекті басшыларына жұмылдыру дайындығы бойынша негізгі түсініктерді жеткізу.

Үшінші тақырыпқа қатысты қызметкерлерді мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру дайындығы қызметінің бас маманы Ж.Ж. Картанбаев сөз сөйледі.

«Қараөткел» РМК персоналдарды дамыту саласында басыңқы тақырыптар мен негізгі принциптерке қатысты ұйымдастыру-бақылау, кадр және заң жұмысы бөлімінің жетекші маманы А.А. Садгужинов сөз алды.

Жиналыстың қорытындысы ретінде дұрыс байланыс құралдарының жадында қалып қоятын мәліметтерді сақтауға қатысты бейнебаян көрсетілді.


Возврат к списку


< Мұрағат