Название организации
Call-center
8(7172)74-23-83
Тапсырыс беру

Кейтерингтік қызмет көрсету

Біздің Кәсіпорын төмендегі көшпелі қызмет көрсету қызметтерін көрсетеді:

• Компания мерейтойына арналған көшпелі банкеттер;
• «Team building»-ке қолдау көрсету;
• Бейстандартты орын-жайларда, сондай-ақ ашық алаңдарда да көшпелі банкеттік іс-шараларды (кейтеринг) өткізу. Камералық бағаналы залдар, биік ғимараттардың көпірлері мен үстіңгі қабаттары, галереялар мен көрмелер – бұл Сіздің ұжымыңызға ұсына алатын тек аз ғана бөлігі;   
• Таныстыру рәсімдері және сыйлықақыларды тапсыру;
• Кофе-брейктерге, келіссөздерге және конференцияларға қолдау көрсету.
Сондай-ақ, жеке іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу қызметтерін көрсетеміз:
• Үйлену банкеттері;
• Туған күндер мен мерейтойлар.
Бұдан басқа, біз іс-шараларды ұйымдастыру бойынша кеңес беру қызметтерін ұсынамыз.
Біздің жоғары классты кейтерингтік қызмет кез келген іс-шараны ұйымдастыру бойынша міндеттерді біршама жеңілдете алатын кеңейтілген сервистік қызмет түрлерін ұсынады.
Әр түрлі деңгейдегі іс-шаралардан (кофе-брейктерден бастап қорғалатын тұлғалардың ресми қабылдауларына дейін) жұмыс тәжірибесі бар жоғары классты персонал барлығын өте жоғары деңгейде ұйымдастырады.
Дизайнерлер әр клиентке дара тіл тауып, зал мен дастарханды декорынан қатты тәнті болатындай етіп безендіреді.
Аспаздар тапсырыс берушімен ас мәзірін басынан аяғына дейін толық пысықтап алып, кез келген талғаммен тағамдарды дайындап береді.
Біздің үйлестірушілер дайындықтың барлық процесін және іс-шараның тәртіп бұзбай, өте жоғары деңгейде өтуін қадағалайды.